Тест: Қандай мамандық үшін туылғансыз?

Сіз не нәрсеге қабілеттісіз? Қандай мамандыққа бейімсіз? Anabol.kz тест арқылы оны оңай анықтауға мүмкіндік береді.

Anabol.Kz
Created by Anabol.Kz (User Generated Content*)User Generated Content is not posted by anyone affiliated with, or on behalf of, Playbuzz.com.
On Mar 21, 2017

Басқалар үшін жауапкершілікті өз мойныңызға алуға дайынсыз ба?

Мейрам кезінде жұмыстан берілетін сыйлықақыға не сатып аласыз?

Қазіргі басшыңыз сіз жайында не ойлайды?

Қандай жануарлар ұнайды?

Жұмыс істеуге ыңғайлы орын?

Қандай санаттағы адамдар қатарына жатасыз?

Сізге өз кеңсеңізде не ұнайды?

Сәулетші

Сәулетші

Әрбір дүниеге егжей-тегжейлі назар аударасыз, тумысыңыздан дизайннің «жақсы» болуын қадағалап жүресіз. Жан дүниеңізде үлкен талғам мен күш-жігерді қажет ететін ұлы істер жасауға деген құлшыныс бар. Өшпес ізіңізді қалдырып кеткіңіз келеді, әсіресе, өзіңіз туған аймақта.

Шығармашылық күш жинай отырып, зәулім ғимараттар тұрғызу үшін туылғансыз.

Жазушы

Жазушы

Мектеп кезіңізден шет тілдерін жақсы меңгеріп келесіз. Елестету қабілетіңіз жоғары, шығармашылық адамсыз.

Миыңыз неше түрлі даналық ойларға толы. Бар ойыңызды қағаз бетіне түсірсеңіз, міндетті түрде халық тарапынан жақсы бағаға ие болатыны анық.

Қарапайым сөздерден ғажап шығарма құрастыру үшін туылғансыз.

Төреші

Төреші

Ішкі түйсігіңіз керемет, қылмыскерлерді жақсы танисыз. Әрине, әділеттілік деп соққан жүрегіңіздің де осы тұрғыыда әсері мол.

Адамдардың ойланбай әрекет жасайтынына, бірден шешім қабылдай салатынына қарныңыз ашады. Ал өзіңіз жағдайды тыңғылықты, жан-жақты қарастырып алғанды жөн санайсыз. Шындық деп шырылдап, әділеттілік орнату үшін дүниеге келгенсіз.

Өрт сөндіруші

Өрт сөндіруші

Сіз өте мықты адамсыз, тез қимылдайсыз және де өзге адамдардың қамы үшін кез-келген әрекетке бара аласыз.

Әркімде бола бермейтін батылдығыңыз бар. Ұлы істер жасауға қабілеттісіз, дегенмен, оны жиі жария ете бермейсіз.

Сіз басқа адамдардың өмірін құтқару үшін туылғансыз.

Шеф-аспаз

Шеф-аспаз

Шығармашылық, сабырлы, қазымыр адамсыз. Басқа адамдарға бақыт сыйлайтын әдемі заттардан рахат аласыз.
Әлем талғамы мен таңдауын зерттеген ұнайды. Сонымен қатар, кішкене нәрсені керемет дүниеге айналдыра алатын қасиетке иесіз.

Психотерапевт

Психотерапевт

Сезімтал адамсыз, адамдарға жылулық сыйлайсыз. Көмекке зәру жандарға қол ұшын созып, қолдау көрсеткіңіз келеді.

Сіз адамдардың бақытты болуына жәрдемдесу үшін туылғандайсыз.

Қоғам қайраткері

Қоғам қайраткері

Өз құқығыңызды жақсы білесіз, осы тұрғыда, құқықбұзушылықтарға қарсы тұрып, адамдарды қорғай аласыз. Сіз осы белсенді қалпыңыздан таймай, саясаткерге айналуға мүмкіндігіңіз бар.

Ғалым

Ғалым

Жай ойланғанның өзінде барлығын сараптап, талдап аласыз.Адамдар біле бермейтін тың дүниелер ойлап табуға құштарсыз. Жалпыға танымал дәлелдемелерден гөрі жаңа өзгерістер енгізгенді жөн санайсыз.

Дәрігер

Дәрігер

Ақылды, мықты адамсыз. Өз шешімін таппаған мәселелерге баса назар аударасыз. Ал өзіңіз қандай жағдайға тап болсаңызда одан оңай құтыласыз.

Мақсатыңызға жету үшін жұмыс істеуге дайынсыз.

Көмекке зәру жандарды емдеу үшін туылғансыз.

These are 10 of the World CRAZIEST Ice Cream Flavors
Created by Tal Garner
On Nov 18, 2021